Ұлттық банк БЖЗҚ кірістілігін арттыра түспек - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк БЖЗҚ кірістілігін арттыра түспек

Ұлттық банк БЖЗҚ кірістілігін арттыра түспек

ҚР Ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кірістілігін арттыруға ниетті.

  • 20 Тамыз 2015
  • 559
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. 

«Белгілі болып отырғандай, зейнетақы салымдары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «шатыры» астына біріктіріліп, Ұлттық банк басқаруына берілген. Жоғары кірістілік бар. Кірістіліктің инфляцияға қатысы да маңызды. 1 тамыздағы инфляция 3,9 пайыз. Сондықтан да, Ұлттық банк инвестициялық стратегияларға сәйкес инвестициялайды. Негізінен, Қаржы министрлігінің негізгі құнды қағаздары, оның ішінде шетелдік құнды қағаздар мақұлданған. Біз 1,5 жылдық басқару кезінде БЖЗҚ кірістілігі жақсарды және жақсарта түсетін боламыз», — деді Қ.Келімбетов БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 
Өз кезегінде Премьер-Министр К.Мәсімов Үкімет пен Ұлттық банкте жұмыстарды күшейтуі тиіс 2 бағыт бар екендігін баса атап өтті. 
«Бірінші бағыт экономиканы долларсыздандыру, ұлттық валютаны пайдалану. Екіншісі, қазақстандық банктерді несиені теңгемен алу мүмкіндігі. Яғни, осы екі мәселені Қайрат Нематұлы (Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов — авт.) біздерге шешу қажет. Осыдан кейін экономика бағам саясатына назар аудара қоймайтын болады», — деді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар