Ұлттық банк доллар бағамына алаңдайтын жұртты мүлдем түсінбейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк доллар бағамына алаңдайтын жұртты мүлдем  түсінбейтінін айтты

Ұлттық банк доллар бағамына алаңдайтын жұртты мүлдем түсінбейтінін айтты

Жұртқа доллар бағамының не қажеті бар? Бүгін осылай деп елді мазақ қылғандай болған Келімбетовтың орынбасарының сөзі үлкен дауға ұласты.

  • 24 Қыркүйек 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

Қуат Қожахметов тұрғындардың доллар бағамына неліктен ерекше уайымдап жүргенін де түсінбейді екен. Долларды еркін айналымға жібергенімен курс 300-ге жеткенде, өз тілдерімен айтқанда «валюталық интервенция» жасауға кіріскендерін айтып мақтанды Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. Оған дейін Ұлттық банк АҚШ валютасын реттеуге араласпаймыз деген. Жағдай ушыққан соң, күтпеген жерден тағы курсты түсіру үшін миллиондап ақша шығындап жатыр. Күніне қырық құбылып тұрған доллар бағамы қазір әзірше 270 теңгеге тұрақтап тұр.

Қуат Қожахметов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары

Доллар бағамын ұстап тұру қашанға дейін жалғасатынын, қанша ақша жұмсалатынын айта алмаймын. Қазір теңгені барынша қолдап отырмыз. Бәрі әлемдік жағдайға байланысты. Бағам түсіп келеді. Ал адамдарға доллар курсының не қажеті бар?

Соңғы жаңалықтар