Ұлттық банк доллар мен рубльдің 15 мамырға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат -қа сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,99 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,78 теңге.
12 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 04 теңгеге қымбаттап, 446,25 теңге болған.
Ресей валютасы 5,80 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 – 449 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 444,5– 448 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,65 – 5,85 теңгеге сатып алуға болады.
Астанада көрші ел валютасы 5, 55 – 5, 75 теңгеден саудаланып жатыр.