Жарияланды: 520

Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар нормативін 18 қарашадан бастап төмендетеді - Сәйденов

Алматы. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар нормативін 18 қарашадан бастап төмендетеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз шешім қабылдадық. 18 қарашадан бастап ең төменгі резервтік талаптар ішкі міндеттемелер бойынша 2% дейін, сыртқы міндеттемелерді қамтитын басқа да міндеттемелер бойынша 3% дейін төмендетіледі, ал қазір олар тиісінше 5% және 7%",- деді Ұлттық банк төрағасы. Ә.Сәйденовтың айтуынша, Ұлттық банктің есебіне сәйкес, "банктер үшін соның нәтижесінде бос 350 млрд теңге пайда болмақ". Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ең төменгі резервтік талаптар нормативін Ұлттық банк қазанда төмендетуді жоспарлаған болатын. 21 қазанда өткен баспасөз мәслихатында Ә.Сәйденов: "Ұлттық банк басқармалары жұма күні түбегейлі шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қандай жағдайда да төмендеу болмақ", - деген болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін