Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар нормативін төмендету жөнінде жұмада шешім қабылдауды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар нормативін төмендету жөнінде жұмада шешім қабылдауды жоспарлауда

Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар нормативін төмендету жөнінде жұмада шешім қабылдауды жоспарлауда

Алматы. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар нормативін төмендету жөнінде жұмада шешім қабылдауды жоспарлауда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 542
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық банк басқармалары жұма күні түбегейлі шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қандай жағдайда да төмендеу болмақ», — банк басшысы.

Оның айтуынша, қазір нақты сан талқылану үстінде. «Банктер Ресейдің үлгісімен бұл нормативтер 0,5% дейін төмендейді деп күткен еді. Меніңше, біз мұндай түбегейлі төмендеуге бармаймыз. Бұл құрал жеткілікті дәрежеде икемді. Егер біз төмендетуден тиімділік болмады деп тапқан жағдайда тез арада өзгеріс енгізе аламыз. Біздің заңға сәйкес, басқармалардың шешімінен кейінгі өзгерістер бір айдан кейін күшіне енеді. Яғни, егер біз қазір шешім қабылдайтын болсақ, қарашаның екінші жартысында банктердің аталған қаржыға қол жеткізу мүмкіндігіне жол ашылады», — деді Ә. Сәйденов.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, «қазір банктер үшін 200 — 400 млрд теңгеге дейінгі ресурстарды босату жайлы сөз болуда».

«Егер біз әр көрсеткішті 2%-ға төмендетсек, яғни, банктің ішкі міндеттемелері бойынша ставка 3% болады, ал сыртқы міндеттемелерді қамтитын басқа да көрсеткіштер 5% болмақ, бұл еліміздің банктері үшін 200 млрд астам теңгені иелігінде қалдырады. Егер ішкі және сыртқы міндеттемелер бойынша бірдей 4% және 4% ставка белгілесек, тағы осы көлемде қаржы босайды. Егер ішкі міндеттемелер бойынша ставканы 2% деңгейге дейін, сыртқы міндттемелер бойынша 2% дейін төмендетсек, 400 млрд теңге босайды. Біз талқылап жатқан шек осындай», — деді Ә. Сәйденов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыруды тапсырды. Бұл туралы ол 13 қазанда үкіметтің кеңейтілген отырысында тапсырма берді.

«Ұлттық банк еліміздегі банк жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ақшамен қамтамасыз ету үшін өз желісімен бірқатар шараларды қолдануы қажет. Ұлттық банктен қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыру қажет. Ұлттық банк басшылығы екінші деңгейлі банктер үшін ең төменгі резервтік талаптарды төмендету мүмкіндігін ойластыруы керек. Бұл банк жүйесі үшін біраз ақшаны босатады», -деді Н. Назарбаев.

«Үкіметке даму институттары арқылы банктердің экономиканың нақты секторындағы қызметін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге қойылатын нақты талаптар мен нақты тетіктерді мұқият дәйектеуді тапсырамын. Ауыртпалық активтері қорын тездетіп іске қосу қажет. Мемлекттік органдар игере алмаған қаржыны аталған қордың капиталын құруға бағыттау керек. 2008-2009 жылдары осы құрылымды қаржыландыруға $1 млрд кем емес қаржы жұмсалады деп жоспарланғаны белгілі», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар