Ұлттық банк халықтық ІРО барысында мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры акцияларының 25%-ын сатады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк халықтық ІРО барысында мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры акцияларының 25%-ын сатады

Ұлттық банк халықтық ІРО барысында мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры акцияларының 25%-ын сатады

ҚР Ұлттық банкі халықтық ІРО барысында мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры (МЗЖҚ) акцияларының 25%-ын сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко.

  • 5 Шiлде 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

«ЕҚДБ-мен (Еуропаның қайта құру және даму банкі — ҚазТАГ) МЗЖҚ бойынша жобаны жабатын сияқтымыз. МЗЖҚ-ны халықтық IPO бағдарламасына енгізіп, стратегиялық инвесторға талаптарды төмендетеміз», — деді Г. Марченко сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, акцияларды қайтару үшін Ұлттық банк ЕҚДБ басшылығымен келіссөз жүргізуге тиіс.

«Олардан акцияларды сатып аламыз. Біздің қолымызда100%болады. Осы100%-дың 20-25%-ын IPO-ға шығарамыз. Әзірге талқылау кезеңі жүріп жатыр. Ақырғы шешім әлі қабылданған жоқ, өйткені біз ЕҚДБ-мен келісіп, құжаттарға қол қойып, опционға сәйкес акцияларды сатып алуға тиіспіз», — деді Г. Марченко.

Ол Ұлттық банк пен ЕҚДБ-ның МЗЖҚ-ға стратегиялық инвесторды іздестіру шаралары нәтиже бермегенін айтты.

«Біз 9 жылда Батыс Еуропадан стратегиялық инвестор таба алмасақ, алдағы бір-екі жылда таба қоймайтынымыз анық. Бізге орталық банк ретінде зейнетақы қорының акционері болып қалу тиімсіз. Бізге акционерлер қатарынан шығу керек. Бұған қоса, біздің құзырымызға қадағалау қызметі өткендіктен, мүдделер қайшылығы туындап отыр. Және біз орталық банк ретінде қаржы институттарының акционері болуды қаламаймыз», – деді Г. Марченко.

МЗЖҚ ҚР-дағы ірі зейнетақы қорларының бірі, онда 1,82 млн салымшының немесе зейнетақы жүйесіндегі салымшылардың 22,69%-ының қаржысы сақталған. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, қордың активтері Т14,89 млрд құраған (2009 жылы Т18,36 млрд). 2010жылы қор Т8,55 млрдкөлемінде кіріс тапты.

Қордың иелері ҚР Ұлттық банкі (90,01% акция) және Еуропаның қайта құру және даму банкі (9,99% акция).

Соңғы жаңалықтар