Жарияланды: 440

Ұлттық банк номиналы Т1 мың банкнота басып шығарды

ҚР Ұлттық банкі Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалығына арналған номиналы Т1 мың банконта басып шығарды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Банкнотаның алдыңғы және артыңғы жақтарында Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі күмбезі бейнеленген. Алдыңғы бетінде сол жағында ИКҰ-ның ресми белгісі орналастырылған. Төменгі жағында банкнотаның сандық номиналы көрсетілген, делінген сәрсенбі күні Ұлттық банктің сайтындағы сипаттамада. Банкнота 10 млн дана таралыммен 2011 жылдың 24 мамырында айналымға енгізілді. Ақша белгісінің басым түсі – ақшыл жасыл, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін