Ұлттық банк ноттарды шығару көлемін 2,5 есе арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк ноттарды шығару көлемін 2,5 есе арттырды

Ұлттық банк ноттарды шығару көлемін 2,5 есе арттырды

ҚР Ұлттық банкі 2005-жылдық ақпан айында ноттар эмиссиясының көлемін 2005-жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 2,5 есе арттырып, 74,3 млрд. теңгеге жеткізді. Бірақ олардың кіріс көрсеткіші 3,18 проценттен 2,46 процентке дейін кеміді. Қаңтар айындағымен салыстырғанда айналымдағы ноттардың көлемі 1,9 процентке кеміп, ақпан айының аяғында 382,3 млрд. теңге болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлттық банктен хабарлады.

  • 11 Наурыз 2005
  • 348
Фото - Caravan.kz

Ал Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарының эмиссиясы ақпан айында қаңтар айындағымен салыстырғанда 15,3 процентке азайды. Ақпан айында Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарының арасынан 18,8 млрд. теңгеге үш жылдық МЕОҚАМ қағаздарын айналымға шығаруға бағытталған бір ғана аукцион өткізілді. Аталмыш құнды қағаздар бойынша аукционда қалыптасқан кірістілік көрсеткіші 3,82 процентті құрады.

Қаржы министрлігінің айналымдағы құнды қағаздарының көлемі бір айда 7,1 процентке өсіп, 268,6 млрд. теңгені құрады.

Перейти к новостям спорта