Ұлттық банк оғаш қылығымен көзге түскен банк қызметкерлерінің «қара тізімін» енгізуді ұсынды
ҚР Ұлттық банкі менеджер ретінде оғаш қылығымен көзге түскен банк қызметкерлерін қаржы саласында жұмыс істеуіне шектеу қою қажет деп есептейді. |
Бұл туралы бүгін елордада өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, ол үшін аталған санатқа жататын қызметкерлердің «қара тізімін» енгізу керек.
«Біз болашақта осындай ұсыныс жасайтын боламыз. Бұл орайда адамның конституциялық құқығы туралы мәселе туындайды. Бірақ та қандай да бір ымыраластық қажет. Біздің көзқарасымызша, кез келген жағдайда да қаржы ұйымының менеджерлігіне жіберуге болмайтын адамдардың «қара» не болмаса «сұр» тізімі болғаны дұрыс», - деді ол.
Осы ретте Д.Ақышев бұл мәселені заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттігін алға тартты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін