Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын 8 процентке дейін көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын 8 процентке дейін көтерді

Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын 8 процентке дейін көтерді

2005-жылдың 11 - шілдесінен бастап ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын 8 процентке дейін көтерді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлттық банктен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2005
  • 510
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2005-жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда инфляция деңгейінің жылдық көрсеткіші арту ағымы байқалды. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2005-жылдың маусым айында инфляцияның жылдық көрсеткіші 7,9 процентті құрады. (Ал 2004-жылдың желтоқсан айында ол 6,7 процент болған.) Бұл — инфляцияның жылдық орташа деңгейі 7,1- 7,3 процентке тең деген сөз. Демек, биылғы жылға арналған нақтыланған болжамнан артық (5,2-6,9%).

2005-жылдың қаңтар-маусым айларында бағаның динамикасы шығын инфляциясы, сұраныс инфляциясы және инфляцияны «импорттаудан» құралды.
Ақша-қарыз саясатының құралдары инфляцияға кешігіп әсер етуге байланысты 2004-жылдың аяғы мен 2005-жылдың басындағы ресми ставканың өсімі, ағымдағы экономикалық ахуал сақталған жағдайда, инфляция көрсеткіштеріне 2005-жылдың екінші жартысынан бастап әсер етеді деп күтілген болатын. Алайда, бюджет шығындарының өсуіне байланысты қайта қаржыландыру ставкасын өсірудің инфляцияны төмендетуге әсері жартылай бейтараптандырылады.
Алдағы уақытта инфляциялық құбылыстар одан әрі жалғасқан жағдайда ҚР Ұлттық банкі ақша-қарыз саясатының басқа да негізгі операцияларына қатысты басқа да ставкаларды өсіруі мүмкін, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Перейти к новостям спорта