Жарияланды: 380

Ұлттық банк «Қазақстан қалалары» сериясы бойынша бірнеше монета шығарды

Ұлттық банк нейзильбер қорытпасынан «Павлодар», «Атырау» және «Ақтау» деп аталатын ескерткіш монеталар шығарды.

Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 теңгелік монеталар Қазақстан аумағында барлық жерлерде қабылдануы тиіс. Монеталардың бетінде «50 ТЕҢГЕ» деген жазу мен сегіз қырлы табақша, төменгі жағында ұлттық ою-өрнек бедерленген. Артқы жағында (реверс) қалалардың гербі бейнеленіп, астына «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «2012» деген жазу жазылған. Диаметрі - 23 мм, салмағы - 4,71 грамм, тиражы - 50 мың дана.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін