Ұлттық банк «Қазақстан қалалары» сериясы бойынша бірнеше монета шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк «Қазақстан қалалары» сериясы бойынша бірнеше монета шығарды

Ұлттық банк «Қазақстан қалалары» сериясы бойынша бірнеше монета шығарды

Ұлттық банк нейзильбер қорытпасынан «Павлодар», «Атырау» және «Ақтау» деп аталатын ескерткіш монеталар шығарды.

  • 2 Қараша 2012
  • 363
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 теңгелік монеталар Қазақстан аумағында барлық жерлерде қабылдануы тиіс.

Монеталардың бетінде «50 ТЕҢГЕ» деген жазу мен сегіз қырлы табақша, төменгі жағында ұлттық ою-өрнек бедерленген.
Артқы жағында (реверс) қалалардың гербі бейнеленіп, астына «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «2012» деген жазу жазылған.
Диаметрі — 23 мм, салмағы — 4,71 грамм, тиражы — 50 мың дана.

Соңғы жаңалықтар