Ұлттық банк «Қазкоммерцбанктің» жағдайына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк «Қазкоммерцбанктің» жағдайына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк «Қазкоммерцбанктің» жағдайына қатысты пікір білдірді

«Қазкоммерцбанк» АҚ реттеуші талаптарды орындайды және клиенттердің міндеттемелерін толық көлемде орындайды, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

  • 26 Желтоқсан 2016
  • 469
Фото - Caravan.kz

Ұлттық Банк Басқармасы осыған дейін «Қазкоммерцбанк» АҚ-қа банктің жүйелік маңыздылығын ескере отырып 400,8 млрд. теңге сомаға қысқамерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қарыз банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында берілді.

«Бүгінгі күні банк өтімді активтердің жеткілікті көлеміне ие, бұл оған қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік берді. «Қазкоммерцбанк» АҚ Ұлттық Банкке бұрын бөлінген қаражаттың жартысын қайтарды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта банктерді капиталдандыруды ұлғайту банк секторының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк ағымдағы қадағалау процесі шеңберінде акционерлермен, оның ішінде «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың акционерлерімен капиталдандыру деңгейін арттыру жөнінде келіссөздер жүргізуде.