Ұлттық банк ресми қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін 7,5 пайыз деңгейінде белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк ресми қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін 7,5 пайыз деңгейінде белгіледі

Ұлттық банк ресми қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін 7,5 пайыз деңгейінде белгіледі

ҚР Ұлттық банкі басқармасы 1 шілдеден бастап ресми қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін жылдық 7,5 пайыз деңгейінде белгілеуге қаулы етті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 397
Фото - Caravan.kz

Оны Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бас банкирдің айтуынша, ол қаржы нарығындағы үрдіс пен инфляцияның жылдық динамикасын ескере отырып қабылданды.

«Қаңтар, ақпан айларында инфляция деңгейі болжанғаннан жоғары болды. Наурыз-мамыр айларында төмендеді. Ал алғашқы жарты жылдық көрсеткішті алсақ, ахуал тұрақты. Енді шілде-тамыз айларындағы көрсеткішті қараймыз. Азық-түлік тауарларының бағасы арзандауы мүмкін. Бұған дейін кейбір жылдары бұл мезгілде жалпы инфляция деңгейі де айтарлықтай төмендеген болатын. Сол себепті қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін қайта қарау кезінде бұл мәселе ескеріледі», — дейді Г.Марченко.

Соңғы жаңалықтар