Ұлттық банк Т10 мың номиналындағы банкноттарды айналымға шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк Т10 мың номиналындағы банкноттарды айналымға шығарды

Ұлттық банк Т10 мың номиналындағы банкноттарды айналымға шығарды

Ұлттық банк ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Т10 мың номиналындағы банкноттарды айналымға шығарады, делінген Ұлттық банк хабарында.

  • 1 Шiлде 2011
  • 1136
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арнап номиналдық құны 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарады», — делінген жұма күні таратылған ақпараттық баянда.

Ескерткіш монетаның дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильді сақтай отырып жасалды: бет жағындағы суреттер негізінен тігінен орналасқан, сыртжағында – көлденеңінен. Басым түсі – күлгін көк түсті.

Банкноттың бет жағында Астана қаласының он жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған жəне Қазақстанның тəуелсіздігін паш ететін «Қазақ Елi» монументінің бейнесі орналасқан. Банкноттың төменгі оң жағында үйлесім, бейбітшілік пен келісімді білдіретін ұшып жүрген көгершіндер бейнеленген.

Бет жағында негізгі қорғаныш элементтері болып табылатын: самұрық мифтік құс түріндегі сутамғы белгі, металсыздандырылған полимерлі жолақтан тұратын мөлдір орында ою-өрнек пен банкноттың номиналы бейнеленген. Көгершіндердің біреуі бояудың түсі құбылып тұратын технологияны пайдалана отырып бейнеленген, қарау бұрышын

өзгерткен кезде оның түсі жасылдан алтын түстес болып өзгереді. Қазақстан Республикасы Президентінің қолы жəне банкноттың шығарылған жылы бейнеленген түсі құбылып тұратын қағазға енгізілген «үзік-үзік» емес тұтас қорғаныш жіп алғаш рет қолданылды.

Сырт жағында банкноттың ортасында негізгі сурет «Ақ Орда» Президент сарайы бейнеленген. Жоғарғы сол жақ бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ТƏУЕЛСІЗДІГІНЕ ЖИЫРМА ЖЫЛ» деген жазу бар, оның астында Тəуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу логотипі орналасқан. Банкноттың сырт жағында бірқатар қорғаныш элементтері бар: мөлдір орын

жəне ескерткіш жазудың астында жарыққа тосып қарағанда көрінетін «ОН» деген сөз түріндегі жасырын бейне. Сондай-ақ банкнотты қолдан жасаудан қорғау үшін сырт жағында жарыққа тосып қараған кезде бет жағындағы бөлікпен тұтасып көрінетін бейненің бір бөлігі кескінделген.

Ескерткіш банкноттың өлшемі 2006 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкноттың өлшеміне сəйкес келеді (149х79 мм).

Банкноттың таралымы 30 миллион дана.

Қазақстан Тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ескерткіш банкнот заңды төлем құралы болып табылады жəне төлемнің барлық түрлеріне жəне ақша аударымына міндетті қабылданады, деп көрсетілген Ұлттық банк таратқан хабарда.

Соңғы жаңалықтар