Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді

Өткен айдың соңында ұлттық валюта 1,3 процентке құнсызданған

  • 11 Маусым 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

 Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңге бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас банкир алдымен мұнай бағасына әсер етіп отырған негізгі факторларды атады. Оның айтуынша, соңғы уақытта ішкі валюта нарығы мұнайдың әлемдік бағасының ықпалымен дамуда. 27 мамыр мен 5 маусым аралығында мұнай бағасы 13 процентке төмендеген. Алайда өткен аптаның соңында бір баррель мұнайдың бағасы 63,3 доллар болған.

"Бүгін таңертеңгі баға 62,3 долларға түсті. Бұл АҚШ-тың Мексикамен заңсыз миграцияға бақылауды күшейту туралы келісімге қол жеткізуімен байланысты. Сонымен бірге, оған 2019 жылы екінші жартыжылдыққа ОПЕК+ келісімін ұзарту мүмкіндігіне қатысты мәлімдемелер оң әсер етеді. Нәтижесінде 27 мамыр мен 5 маусым аралығында теңге 1,3 процентке әлсіреді", — деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы кезде жағдай тұрақталды. 5-10 маусым аралығында ұлттық валютаның бағамы 0,3 процентке нығайды.


"10 маусымдағы жағдай бойынша айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 383,04 теңгені құрады. Төлем балансында жағдайдың жақсаруы теңгеге қолдау көрсетуде. Биыл екінші тоқсан профицитпен қалыптасайын деп отыр. Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылы бірінші тоқсанда сауда балансы 14,4 процентке өсіп, 7 миллирд 100 миллион АҚШ долларын құрады", — деді Досаев.

Мамыр айында инфляция 0,6 процент болды. Ал жылдық инфляция 5,3 процентке өсті. Ал Ұлттық банк 3 маусымда базалық ставканы 9 процент деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар