Ұлттық банк төрағасы жуық арада теңге бағамы шұғыл өзгермейді, ал доллар болашақта нығаяды деген болжам айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк  төрағасы жуық арада теңге бағамы шұғыл өзгермейді, ал  доллар болашақта нығаяды деген болжам айтты

Ұлттық банк төрағасы жуық арада теңге бағамы шұғыл өзгермейді, ал доллар болашақта нығаяды деген болжам айтты

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы жуық арада шұғыл өзгере қоймайды. Бүгін, 27-қаңтарда Ұлттық банк төрағасы лауазымына парламенттің келісімімен бекітіле сала өткізген алғашқы баспасөз мәслихатында Әнуар Сәйденов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Қаңтардың 2-ші аптасындағыдай шұғыл өзгерістер бұдан былай болмайды»,- дейді Ә.Сәйденов. Оның айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айының бастапқы үш аптасында белең алған теңгенің АҚШ долларына шаққанда айрықша нығаю ағымы «обьективті», дегенмен, алдағы уақытта «валюта бағамы тұрақтанады немесе әр бағытта шамалы ғана өзгереді».

Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың басынан бері теңгенің долларға шаққандағы номиналдық нығаюы 2,67 процентті құрап, 26-қаңтардағы жағдаймен оның биржалық құны бір долларға шаққанда 139,30 теңге болды.
2004-жылғы перспективаға тоқталған Ә.Сәйденов қазіргі қалыптасқан ағымды басты бағдарға айналдыруды ұсынады. Ә.Сәйденовтың жорамалына жүгінсек, «жылдың екінші жартысында доллар белгілі дәрежеде нығаюы мүмкін». АҚШ экономикасының оңды даму көрсеткіштеріне сілтеме жасаған Ә.Сәйденов «бұл менің жеке пікірім» дегенді атап өтті.
Тұтастай алғанда еліміздің валюта рыногындағы ахуалды Ә.Сәйденов «тұрақты әрі бақылауға мүмкіндік бар» деп бағалайды.

Соңғы жаңалықтар