Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау жөнінде ұсыныстар дайындауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау жөнінде ұсыныстар дайындауда

Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау жөнінде ұсыныстар дайындауда

Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудың және инвестициялаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындауда.

  • 16 Желтоқсан 2015
  • 668
Фото - Caravan.kz

"2015 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына ғана инвестициялау туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге 2015 жылғы 11 желтоқсанда Экономикалық саясат жөніндегі кеңес те қолдау көрсетті.

Бұл инвестициялық стратегия уақытша болып табылады және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы №342-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттарын айқындау функциясы берілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес шешімдер қабылдағанға дейін қолданыста болады", делінген Ұлттың банктің хабарламасында.


Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берген тапсырмаларына сәйкес Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудың және инвестициялаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындауда. 

Соңғы жаңалықтар