Ұлттық банк жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасын Т5 млн деңгейінде қалдыруды ұсынады
ҚР Ұлттық банкі 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасының ағымдағы ең жоғарғы көлемін Т5 млн деңгейінде қалдыруды ұсынады, деп мәлім етті Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко. |
«Бірнеше рет талқылағаннан кейін, қаржылық тұрақтылық кеңесінде болған талқылаудан кейін де (2011жылдың мамырында - ҚазТАГ), біз кепілдемелік өтем сомасын 5 млн теңгекөлемінде қалдыруды шештік», - дедіГ. Марченкосейсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Ұлттық банк басшысы халықтың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасының ең жоғарғы көлемін Т1 млн-нан Т5 млн-ға дейін арттыру туралы шешім 2008 жылы күзде дағдарысқа қарсы шаралар аясында қабылданғанын еске салды. Бұл шешімнің мерзімі 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін болатын. Осы шараның арқасында халықтың банктерге деген сенімі сақталды. Нәтижесінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2011 жылдың 1 мамырына дейін халықтың депозиттері 59%-ға немесе Т878 млрд-қа артты.
«…Егер ештеңені өзгертпесек, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз бұрынғы 1 млн теңгеге оралатын едік, сондықтан да бірқатар консультациялар өткізіп, осындай шешім қабылдадық. Заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізіледі. Бізді депутаттар да қолдайды деп сенеміз, өйткені олар да осындай ұсыныстар жасаған болатын», - деді Г. Марченко.
Ұлттық банк Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорының жалғыз акционері ретінде 2011 жылы жарғылық капиталды Т12 млрд-қа арттырып, Т133 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін