Ұлттық банк жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасын Т5 млн деңгейінде қалдыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасын Т5 млн деңгейінде қалдыруды ұсынады

Ұлттық банк жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасын Т5 млн деңгейінде қалдыруды ұсынады

ҚР Ұлттық банкі 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасының ағымдағы ең жоғарғы көлемін Т5 млн деңгейінде қалдыруды ұсынады, деп мәлім етті Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко.

  • 5 Шiлде 2011
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Бірнеше рет талқылағаннан кейін, қаржылық тұрақтылық кеңесінде болған талқылаудан кейін де (2011жылдың мамырында — ҚазТАГ), біз кепілдемелік өтем сомасын 5 млн теңгекөлемінде қалдыруды шештік», — дедіГ. Марченкосейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Ұлттық банк басшысы халықтың депозиттері бойынша кепілдемелік өтем сомасының ең жоғарғы көлемін Т1 млн-нан Т5 млн-ға дейін арттыру туралы шешім 2008 жылы күзде дағдарысқа қарсы шаралар аясында қабылданғанын еске салды. Бұл шешімнің мерзімі 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін болатын. Осы шараның арқасында халықтың банктерге деген сенімі сақталды. Нәтижесінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2011 жылдың 1 мамырына дейін халықтың депозиттері 59%-ға немесе Т878 млрд-қа артты.

«…Егер ештеңені өзгертпесек, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз бұрынғы 1 млн теңгеге оралатын едік, сондықтан да бірқатар консультациялар өткізіп, осындай шешім қабылдадық. Заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізіледі. Бізді депутаттар да қолдайды деп сенеміз, өйткені олар да осындай ұсыныстар жасаған болатын», — деді Г. Марченко.

Ұлттық банк Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорының жалғыз акционері ретінде 2011 жылы жарғылық капиталды Т12 млрд-қа арттырып, Т133 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар