Жарияланды: 380

Ұлттық банкінде жылжымайтын мүлікті апаттан сақтандыру ерікті түрде болуы тиіс дейді

Қазақстанның ұлттық банкінде жылжымайтын мүлікті әр түрлі апаттардан сақтандыру ерікті түрде болуы тиіс деп есептейді, деп хабарлады mln.kz сайты.

«Республикада сақтандыру мәдениетінің төмендігін ескерген жөн. Жылжымайтын мүлікті апаттық жағдайлардан сақтандыруды көбі «қосымша салық» деп таниды және ол қоғамда наразылық тудыруы мүмкін», - деп сайт Ұлттық банктің қоғаммен байланыс және жұмысты ұйымдастыру департаментінің директоры Александр Тереньевтің айтқандарын келтіреді. Сондай-ақ мақалада «апаттық жағдайлардан сақтандыруды міндетті енгізу Қазақстанның қауіпті аймақтарында міндетті сақтандыруды енгізумен барабар» делінеді. «Сақтандырудың мұндай түрін міндетті енгізудің теріс салдары болатынын ескеру керек. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру халықтың барлығын қамтып, оның ішінде тұрмысы кедейшілік деңгейден төмендерге де қатысты болады», - деді А. Терентьев. Еске салсақ, бұрындары ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министр В. Божко «Қазақстанда баспаналарды апаттық жағдайлардан міндетті сақтандыру керек» деп мәлім еткен. «...Біздің азаматтар, фирмалар, мекемелер, осындай қауіпке қарсы тұру үшін қосымша қаржылық ауыртпалықты мойнына алуға дайын ба? Бұл жерде мәселе оңай емес», - деді ҚР ТЖМ бастығы. Мамыр айында Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығы барша қазақстандықтар апаттық жағдайдан жылжымайтын мүліктерін сақтандыруы керек деп бастама көтерді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін