Ұлттық банктің басты мақсаты - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болмақ - Ә.Сәйденов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банктің басты мақсаты - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болмақ - Ә.Сәйденов

Ұлттық банктің басты мақсаты - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болмақ - Ә.Сәйденов

Ұлттық банктің басты мақсаты - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болмақ. Бүгін, 26-қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасына тағайындалған Әнуар Сәйденов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 816
Фото - Caravan.kz

Ә.Сәйденовтың айтуынша, «Ұлттық банк биыл дамудың жаңа кезеңіне көшті». 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап аталмыш институт алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер өзгерді. Ұлттық банктің басты мақсатына айналған еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету — банк тарапынан жарияланған Еуропалық Одақ стандарттарына және инфляциялық корвертациялау принциптеріне көшу мақсатымен үндеседі.

Ә.Сәйденовтың айтуынша, жаңаша мақсаттар мен стандарттарға көшу Ұлттық банк тарапынан инфляцияны төменгі деңгейде ұстауда артықша жауапкершілікті талап етеді. Дейтұрғанмен оның айтуынша, инфляцияға әсер етуші көптеген факторларды реттеу Ұлттық банктің әсері аясына қамтылмайды. Осыған байланысты Ұлттық банкке баға тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыру саласында үкіметпен тығыз ынтымақтастық орнату қажет,- деді Ә.Сәйденов.
Ол осы орайда биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізде қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарға бақылау қою мен жұмысын реттеу жөніндегі Агенттік құрылып, Ұлттық банк биылға дейін атқарып келген қадағалау функциялары соған тапсырылғанын депутаттар есіне салды. «Соған сәйкес, Ұлттық банк бұдан былай барлық мемлекеттік орталық банктерге тән классикалық функцияларды атқаратын болады»,- деді төраға.
Атап айтсақ, бұл институт жұмысы «қазіргі экономикалық ахуалға сәйкесетін ақша-несие саясатын жүргізу» міндетін шешуге, «төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге » бағытталатын болады. Ә.Сәйденовтың мәлімдеуінше, «ақша-қарыз саясаты саласында ҚР Ұлттық банкі инфляция қарқынын бәсеңдету арқылы 2006-жылы Ұлттық банктің ресми несиелендіру ставкасын 5,5-6,5 процентке дейін біртіндеп төмендету мақсатын көздейді». «Нәтижесінде бұл қаржы рыногындағы, соның ішінде банктердің несиелік ресурстарына белгіленген ставкалардың біртіндеп төмендеуіне түрткі болуы тиіс»,- деді Ә.Сәйденов.

Соңғы жаңалықтар