Оның айтуынша, еліміздегі жылдық орташа инфляция 6,4 процентті, ал оның жыл соңындағы деңгейі 6,8 процентті құрағандықтан қазіргі нақты көрсеткіші 7 процентті құраған Ұлттық банктің несиелендіру ставкасын дәл қазір өсіруге негіз жоқ.
Алайда, өткен жыл соңында Г.Марченко жылдық орташа инфляция деңгейі болжамдық көрсеткіштен артып кеткен жағдайда Ұлттық банктің несиелендіру ставкасын өсіру мүмкіндігі туралы айтқан болатын.