Ұлттық бренд байқауын өткізу кезінде түсінбеушілік болды – Дәурен Абаев - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық бренд байқауын өткізу кезінде түсінбеушілік болды – Дәурен Абаев

Ұлттық бренд байқауын өткізу кезінде түсінбеушілік болды – Дәурен Абаев

Ұялы байланыс операторларының бірі Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқауға дауыс беру кезінде SMS-хабарлама үшін ақша алған. Ол тегін болуы тиіс еді. Дегенмен мәселе шешіліпті.

  • 21 Қазан 2016
  • 949
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Байқауды өткізу барысында түсінбеушілік болды. Ұялы операторлардың бірі дауыс беру барысында SMS-хабарлама үшін ақша алған. Біз бұл мәселені шештік. Барлық SMS тегін болуы керек. Ал ұялы оператор алған ақша халыққа қайтарылады», — деп жауап берді министр журналистердің сұрағына.

Айта кетейік, байқауға түскен жұмыстар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтына қойылған. Ал тұрғындар өздеріне ұнаған жұмыстарға «Brand #» (#- өзіне ұнаған жұмыстың нөмірі) деп жазып, 1414 нөміріне жібере алады.


Байқау осы жылдың 31 тамызында басталды. Конкурсқа 965 азамат қатысуға ниет танытқан.

Перейти к новостям спорта