Ұлттық бюро Мұхтар Әблязовті қайта шақыртты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық бюро Мұхтар Әблязовті қайта шақыртты

Ұлттық бюро Мұхтар Әблязовті қайта шақыртты

Ұлттық бюро Әблязовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомс

  • 14 Ақпан 2017
  • 366
Фото - Caravan.kz

Ұлттық бюро Әблязовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ  Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің 7 миллиард доллардан аса қаражатты жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тергеу мәліметінше, Әблязов жымқырған ақшалармен акцияларды сатып алып, банктің капиталын өсірген. Осылайша, шетелдік инвесторлар мен Қазақстан азаматтары банктің тұрақтылығына сеніп, сонда қаражаттарын салып келген. 2005-2008 жылдар арасында салынған депозиттер мен инвестицияларды барынша арттыру нәтижесінде банк капиталы 8 есеге өскен. Содан Мұхтар Әблязов бірнеше компаниясын несиелеу арқылы адамдарды алдап, ақшаларды жымқырған", — делінген ведомствоның хабарламасында.

ҚР Ұлттық бюро өкілдері Әблязовқа 2017 жылдың 15 ақпанына дейін ведомствоның әкімшілік ғимаратына келу қажеттігін айтып өтті.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", — делінген еді ведомство хабарламасында.