Ұлттық драматургиясыз театрдың болашағы жарқын болмайды - Дулат Исабеков - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық драматургиясыз театрдың болашағы жарқын болмайды - Дулат Исабеков

Ұлттық драматургиясыз театрдың болашағы жарқын болмайды - Дулат Исабеков

Бағыт-бағдар беріп, қамқорлық жасамай бүгінігі өмір туралы драматургиялық шығарма жаз деу қисынға келмейді.

  • 24 Ақпан 2012
  • 710
Фото - Caravan.kz

Оны ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы-драматург Дулат Исабеков бүгін Алматыда «Өркениет» халықтық университеті қоғамдық ұйымының Жас драматургтер мен сыншылар клубының алғашқы мәжілісінде айтты.

«Өркениет» халықтық университеті қоғамдық ұйымының Жас драматургтер мен сыншылар клубының келесі отырыстарына Мәдениет және ақпарат министрін шақыру керек. Алдағы 10 жылда жаңа 2 драматург шығару үшін осы бастан жұмыс жұмыс жасау қажет. Қазір драматургия деген жанрды драматургтердің өзі білмейді», — дейді Д. Исабеков. «Мәдениет» журналы бас редакторының айтуынша, режиссерлар кейде драматургия жоқ дегенді айтады. Сыннан көз ашпай келе жатқан Ресей драматургиясы ұлтсыздыққа жетті. Олар енді Шукшиннің шығармаларын сахналай бастады. Қазақ прозасында да небір керемет туындылар бар. Алайда кейінгі буында сахнада қойылатын шығарма жазып жүрген ешкімнің қарасы көрінбейді.

Перейти к новостям спорта