Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әмрин Азамат Кемеңгерұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.
Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.
- 1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.
- 2008-2011 ж. ж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі.
- 2011-2012 ж. ж. — «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.
- 2013-2015 ж. ж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.
- 2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.