«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қайта құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қайта құрылады

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қайта құрылады

Алдағы уақытта «Ұлттық инновациялық қор» АҚ «Ұлттық техникалық даму агенттігі» АҚ болып қайта құрылады.

  • 1 Маусым 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Саяси шешімдер институтында жаңа ұйымның бағыты, жұмыс механизмдеріне арналған «дөңгелек үстел» барысында «ҰИҚ» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов айтты.

Оның айтуынша, жаңа агенттік құру арқылы ескі қор жойылып, штаты қысқартылады, бірақ құрылым қызметінің деңгейі 50-60 пайызға өседі. Айдын Құлсейітовтің сөзіне қарағанда, еліміздегі инновациялық дамуды бақылаушы бірыңғай үйлестіруші қызметін құру туралы 2010 жылы айтыла бастаған. «Инновациялар барлығы айтатын маңызды ұғымға айналды. Соған сәйкес көптеген бастамалар туып жатыр, бұл ретте бақылаушы, үйлестірушінің болғаны дұрыс. Кей жағдайларға байланысты, министрлік бақылаушылық қызметті толық жүзеге асыра алмайды. «Қара жұмыстарға» олардың ресурстары да, уақыты да жеткіліксіз. Осы кезде көмекке «Ұлттық техникалық даму агенттігі» (ҰТДА) сынды институттар келеді», — деді А.Құлсейітов.

ҰТДА қызметін пайдаланушы 4 топ болады. «Бірінші топта — жоғары оқу орындары, ұлттық зерттеу институттары бар. Бұлар бізге өз ғылыми инновацияларын ұсына алатын ресурстар. Бұл ұзақ мерізімді жоба, бұған 20-30 жыл уақыт керек. Бірде-бір мемлекет, 20 жылға жетпейтін мезгілде өз ғылыми ортасын қалыптастыра алған жоқ», — деді А.Құлсейітов.

Екінші тұтынушы топқа — өнеркәсіптегі өндірістің дамуына қызығушылығы бар шағын және орта бизнес жатады. «Бұл жерде алдыңғы қатарлы технологиялардың трансферті туралы айтылып отыр. Ірі бизнес арқылы, біз шағын инновациялық компанияларға замануи технологияларды енгізе алатын едік. Бос жерде олар құрылмайды, сондықтан ірі бизнес арқылы ынталандыру керек. Инновациялар сұраныс бар жерде туады, дәл осы принциппен европалық компаниялар жұмыс істейді», — деп атап өтті «ҰИҚ» төрағасы. Үшінші тұтынушы — қызметін жаңадан бастаушы компаниялар. Яғни идеялары бар, кәсіпкерлікке жақын азаматтар. Төртінші тұтынушы — Астанадағы Назарбаев университеті мен Алматыдағы Ақпараттық технологиялар паркі болмақ.

А.Құлсейітов ҰТДА гранттық қаржыландыру, инновациялық үдерістерді сарапшылардың қатысуымен бақылау, инновациялық қызметті танымал жасау, аймақтық инновациялық жүйелерді дамыту мен халықаралық әріптестік сынды жаңа бағыттар бойынша да жұмыс істейтінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар