"Ұлттық инновациялық қор" Қазақстандық кәсіпкерлерге жобаларға талдау жасаушы сарапшылар кеңесін құру туралы ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлттық инновациялық қор" Қазақстандық кәсіпкерлерге жобаларға талдау жасаушы сарапшылар кеңесін құру туралы ұсыныс жасады

"Ұлттық инновациялық қор" Қазақстандық кәсіпкерлерге жобаларға талдау жасаушы сарапшылар кеңесін құру туралы ұсыныс жасады

"Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның басшылығы Қазақстандық кәсіпкерлерге кәсіпорындар мен ұйымдардың жоғары кәсіби мамандары есебінен қордың байқауына жіберілетін жобаларға қаржыландыру мақсатымен талдау жасаушы сарапшылар кеңесін құру туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан жұмыс берушілерінің Конфедерациясынан хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 956
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның жарғысы мен қабылданған тәртіп бойынша, сарапшылар кеңесі сыртқы тәуелсіз органға жатады. Ол қаржыландыру үшін инновациялық қорларға тапсырылатын барлық бизнес-тұжырымдамалар мен жобаларға қатысты ғылыми-техникалық сараптама мен талдау жасау, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың бөтен кәсіпорындардың жарғылық қорына қатысуы тұрғысында пікір дайындау, венчурлық қорлар құру мен қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыру жайында ұсыныстар жасау жұмыстарымен айналысады.

Инновациялық қордың ақпаратына сәйкес, сарапшылар кеңесі туралы тәртіптер АҚ директорлары кеңесінің кезекті отырысына бекіту үшін ұсынылады. Сарапшылар кеңесі 2003-жылдың 2-тоқсанында жұмысқа кіріседі деп күтілуде.
Қазақстан жұмыс берушілерінің Конфедерациясы ұйымының атқарушы директоры Екатерина Никитинскаяның пікірінше, еліміздің бизнес өкілдерінің жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдау процессіне қатысу , сондай-ақ, кәсіпкерлердің Инновациялық қордың іс-қызметі туралы ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігі бизнес пен үкімет арасындағы ықпалдастықты күшейтуге, жалпы экономикалық дамуға оң ықпалын тигізбек.

Соңғы жаңалықтар