Ұлттық кинопрокаттағы өнімдер саны өсіп келеді - Дархан Мыңбай - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық кинопрокаттағы өнімдер саны өсіп келеді - Дархан Мыңбай

Ұлттық кинопрокаттағы өнімдер саны өсіп келеді - Дархан Мыңбай

Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың айтуынша, ұлттық кинопрокаттағы өнімдер саны артып келеді.

  • 2 Ақпан 2012
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол аталмыш ведомоствоның 2011 жылғы атқарған жұмыстарына байланысты өтіп жатқан алқа мәжілісінде айтты.

Министрдің сөзінше, еліміздің кино саласында Мемлекет басшысы мен Үкіметтің жан-жақты қолдауларының арқасында соңғы 3 жылда «Қазақфильм» киностудиясы толығымен жаңартылды. Осының нәтижесінде жыл сайын түрлі форматтағы 100-ден астам картиналар түсіріледі.

«Бүгінде еліміздің кинотеатрларындағы картиналардың 60 пайыздан астамы қазақстандық туындылар. Бұл бағыттағы соңғы жылдары жасалған жемісті қадамдар жалғасын табуда. Ал алдағы уақытта бізге ұлттық анимациялық жобаларды қолға алу керек»,-деді Д. Мыңбай.

Перейти к новостям спорта