«Мемлекеттік бюджет ауылдық және аудандық бюджеттер деңгейінен, басқаша айтқанда төменгі деңгейден бастап қалыптасуы тиіс. Бұл төменгі деңгейдегі бюджеттердің шығыс бөлігін айқындап алғаннан кейін ғана субвенциялар мен аударымдар туралы мәселені шешуге, мемлекеттік бюджет жобасын жасауға осыдан кейін барып кірісуге мүмкіндік береді»,- деді өз сөзінде жұмыс тобының төрайымы Дариға Назарбаева.
Осыған байланысты жұмыс тобының төрайымы топ құрамына ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовты енгізуді өтінді.