Ұлттық компаниялар мен республикалық кәсіпорындардың жұмыс бағытына жатпайтын активтерінің 30-50 процентін бәсекелі ортаға беру көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық компаниялар мен республикалық кәсіпорындардың жұмыс бағытына жатпайтын активтерінің 30-50 процентін бәсекелі ортаға беру көзделіп отыр

Ұлттық компаниялар мен республикалық кәсіпорындардың жұмыс бағытына жатпайтын активтерінің 30-50 процентін бәсекелі ортаға беру көзделіп отыр

Биылғы жыл аяғына дейін ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс бағытына жатпайтын активтерінің 30-50 процентін бәсекелі ортаға беру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 14-наурызда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов "Елбасының халыққа арнаған жолдауы аясында Қазақстан Республикасының 2006-2008-жылғы экономикалық даму және бюджетті жоспарлау перспективасы" тақырыбына арналған үкіметтік сағат барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Наурыз 2005
  • 487
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, қазір жұмыс екі бағытта жүргізілуде. Республикалық және жергілікті маңызы бар 4371 кәсіпорынның жұмысы зерттелу үстінде. Төрт жұмыс тобы олардың қайсысын бәсекелі ортаға беру қажеттігін саралап жатыр.

Екінші бағыт бойынша ірі ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың іс-қызметі зерттелуде. «Бұл орайда дау-дамай көп туындап отыр. Өйткені, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар еншілес компанияларын бергісі келмейді»,- деді Қ.Келімбетов. Министрдің айтуынша, «бұл бағытта саяси қысым қолдануға тура келіп отыр».
Экономика министрі бұл ретте тек мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар төңірегінде ғана әңгіме қозғалып отырғанын ерекше атап өтті. Қ.Келімбетовтың айтуынша, «үкімет бәсекелі орта құру жайындағы өз нұсқауларын әзірлемек ниетте».

Перейти к новостям спорта