Ұлттық компаниялардың іс-қызметін үйлестіруші заңдарға өзгерту енгізу қажет - құқықтық саясат жөніндегі кеңес - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық компаниялардың іс-қызметін үйлестіруші заңдарға өзгерту енгізу қажет - құқықтық саясат жөніндегі кеңес

Ұлттық компаниялардың іс-қызметін үйлестіруші заңдарға өзгерту енгізу қажет - құқықтық саясат жөніндегі кеңес

Ұлттық компаниялардың іс-қызметін үйлестіруші заңдарға өзгерту енгізу қажет. Бүгін, 29-қыркүйекте Астанада өткен отырыс барысында құқықтық саясат жөніндегі кеңес мүшелері осындай тұжырымға келді.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 382
Фото - Caravan.kz

«Бұл мәселені қолданыстағы заңдарға түзетулер енгізу немесе жаңа жеке заң қабылдау арқылы заң жүзінде шешуге болады»,- деді талқылау нәтижесін қорытқан президент әкімшілігі төрағасының орынбасары, құқықтық саясат жөніндегі кеңес төрағасы Игорь Рогов.

«Заңгерлердің жеке заң қабылдаудан қашқақтауын түсінуге болады, дейтұрғанмен кейде қолданыстағы заңдарға түзету енгізу арқылы шешуге болмайтын тауқыметтер туындайтыны жасырын емес «,- деді ол.
И.Роговтың пікірінше, мәселен, ұлттық компаниялар ЖШС түрінде де жұмыс істейтіндіктен «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның ұлттық компаниялардың іс-қызметін реттеу жөніндегі бөліміне түзету енгізу жолымен мәселені шешу мүмкін емес.
Сонымен бірге ол, осы тұрғыда құқықтық саясат жөніндегі кеңес мүшелері ортақ мәмілеге келе алмай отырғанын жасырмай, соған байланысты «жарғылық капиталында мемлекет үлесі бар заңды тұлғалардың құқықтық ахуалын нақтылау жөнінде» комиссия құруды ұсынды.