Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында «жетісулық» волейболшылармен ешкім ұпай бөлісе алмауда - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында «жетісулық» волейболшылармен ешкім ұпай бөлісе алмауда

Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында «жетісулық» волейболшылармен ешкім ұпай бөлісе алмауда

Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде волейбол Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы өтіп жатқан

  • 23 Желтоқсан 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

ХХ Қазақстан чемпионатының 2-турында да Алматы облысының спортшылары барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтуда. Олар «Ертіс-Қазхромды» (Павлодар облысы) 3:1, «Астана» мен «Алматыны» 3:0 есебімен жеңді. «Жетісу» волейболшылары бүгін енді «Қарағандымен» (Қарағанды облысы) күш сынасады. Сондай-ақ, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) пен «Металлург АМТ» (Теміртау), «Алматы» мен «Ертіс-Қазхром» өзара шеберлік байқасады.

18 желтоқсанда жалауы көтерілген бұл байрақты бәсеке жексенбі күні аяқталады. Алғашқы 4 күннің қорытындысы бойынша өз қоржындарына жетісулықтар — 9, астаналықтар — 7, қарағандылықтар — 6, павлодарлықтар мен теміртаулықтар — 4, алматылықтар мен өскемендіктер 3 ұпай қосты. 1-тур ойындарында «Жетісу» — 18, «Ертіс-Қазхром» — 15, «Астана» — 12, «Алматы» — 7, «Қарағанды» — 6, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 3, «МеталлургАМТ» 2 ұпай жинаған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера