Алғашқы күнгі кездесуде Павлодарор облысының «ЕртісҚазхром» мен Астана қаласының «Астана» командалары Өскемен («ШығысҚорғасынҚұрлыс») пен Теміртаудан («Металлург АМТ») келген қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Ал Қарағанды облысының («Қарағанды») волейболшылары «Алматы» командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Бүгін енді алғашқы күні жұпсыз қалған «жетісулықтар» (Алматы облысы) павлодарлықтардың арынын басуы мүмкін. Ал теміртаулықтар қарағандылықтармен, өскемендіктер астаналықтармен күш сынасып көреді.
Турнир кестесінде бұған дейінгі 2 турда «Жетісу» — 36, «Ертіс-Қазхром» — 26, «Астана» — 25, «Қарағанды» — 14, «Алматы» — 10, «Металлург АМТ» — 9, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 6 ұпай жинаған еді. Өткен маусымда ел чемпионы атанған Алматы облысының спортшылары бұл маусымда да қарсылас шақ келтірер емес. Олар 2 турда да өз қоржынына мүмкін болған ең жоғары ұпай қорын жинай алды.