Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында 2-турда "Жетісу" көшбасшылық орнын сақтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында  2-турда "Жетісу" көшбасшылық орнын сақтап қалды

Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында 2-турда "Жетісу" көшбасшылық орнын сақтап қалды

 Кеше Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 2-туры аяқталды.

  • 17 Қаңтар 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz


Қаңтардың 11-і күні Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде жалауын көтерген бұл жарыста Алматы облысының «Жетісу» командасы барлық қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, ұпай қорын 20-ға жеткізді. Олар бірінші турда да 10 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастаған болатын. Ал үздік үштіктегі Қарағанды облысының «Қарағанды» және Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» командалары бұл жолы орын алмастырды. Сондай-ақ алғашқы турда 4-5 орынды бөліскен «Алматы» мен Астана» командалары да орын алмастырды. Әзірге турнир кестесіндегі көшбасшы («Жетісу») мен соңғы сатыдағы Теміртаудың «Металлург АМТ» командалары өз орындарын сақтап келе жатыр. Қазір «Жетісуда» — 20, Ертіс-Қазхромда» -17, «Қарағандыда» — 15, «Астана» мен Алматыда — 14, ал «Металург АМТ-да» — 10 ұпай бар. Ел чемпионатының 3-тур ойындары енді 7-13 ақпанда Павлодарда өтетін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера