Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының 1-турында өскемендік волейболшылар турнир кестесінде көш бастап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының 1-турында өскемендік волейболшылар турнир кестесінде көш бастап келеді

Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының 1-турында өскемендік волейболшылар турнир кестесінде көш бастап келеді

Хромтауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында өтіп жатқан ХІХ Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындарында алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша көшбасшылар өзгерген жоқ.

  • 15 Желтоқсан 2010
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бүгін барлық командалар 1 күн тынығып, ертең жарысты қайта жалғастыратын болады. Ол бұған дейін жеңіліссіз келе жатқан Алматы («Алматы») мен Өскемен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») волейболшыларының сайысымен басталады. Ал Қызылжардың «Есілі» Оралдың «Конденсатымен», Хромтаудың «ТНК Қазхромы» Атыраудың «Атырауымен» күш сынасады. Бұған дейін алматылықтар Қызылжардың «Есілін» 3:2, Хромтаудың «ТНК Қазхромын» 3:2, Атыраудың «Атырауын» 3:0, ал өскемендіктер «Атырауды» 3:0, «Есілді» 3:1, «Конденсатты» (Орал) 3:2 есебімен ұтқан болатын. Ел біріншілігінің алғашқы туры арғы күні Орал мен Алматы, Атырау мен Қызылжар, Өскемен мен Хромтау спортшыларының ойынымен аяқталады.