Ұлттық медициналық орталық директорының жауабы... - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ұлттық медициналық орталық директорының жауабы...

Ұлттық медициналық орталық директорының жауабы...

Экс-министр Жақсылық Досқалиевқа симулянт болуға көмектесті деп айыпталған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Алайда бұл ақпаратты таратқан қаржы полициясының басшылығы оның қандай негізде тоқтатылғанын түсіндіруден бас тартып отыр. Аталмыш қылмыстық іс бойынша Астанадағы Ұлттық медициналық орталықтың бірнеше дәрігері айыпталушы деп танылған болатын.

  • 4 Маусым 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі болған Жақсылық Досқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалған сәтте жүрек талмасы ұстап, ауруханадан бір-ақ шыққан-ды. Ұлттық медициналық орталық дәрігерлері оның миындағы қан айналымының бұзылып, тіпті сол жақ денесінің жансызданғанын мәлімдеген. Алайда кейін Қаржы полициясы Досқалиевтің тек науқастың рөлін ойнап жатқанын әшкереледі. Мұны экс-министрге жәрдем берген дәрігерлер де мойындады. Осыған байланысты Қаржы полициясы оларды «жалған түсініктеме берді», «Досқалиевтің симулянттық әрекетке баруына жәрдемдесті» деп айыптап, қылмыстық іс қозғаған болатын. Енді  іс уақытша тоқтатылып отыр. Ал Ұлттық медициналық орталықтың директоры Абай Байгенжин бұл ақпардан бейхабар екен.


Абай Байгенжин
, Ұлттық медициналық орталықтың директоры:

Я абсолютно не в курсе, я не владею информацией,... Если приостановили, это хорошо. Ну, налицо ведь,  заболевание, правильно?

Соңғы жаңалықтар