Ұлттық музейде ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды жыр кеші өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық музейде ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды жыр кеші өтті

Ұлттық музейде ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды жыр кеші өтті

Қазақстан Рсепубликасы Ұлттық музейінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби-сазды жыр кеші өтті, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

  • 10 Ақпан 2016
  • 869
Фото - Caravan.kz

Кештің ашылуында сөз сөйлеген  музей директоры Дархан Қамзабекұлы М.Мақатаев мұраларының өміршеңдегі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне тоқталып өтті.

«Мұқағали Мақатаевтың ақындығы бір төбе, тұлғалық қасиеті бір төбе. Бәрімізде оның жырларын оқып, жаттап өстік. Хәкім Абайдан бастап, Мағжан, Қасым, Төлеген, Мұқағали сынды ақындарымызды қазақ әдебиетіндегі, қазақ руханиятындағы ерекше құбылыс деп қарауға болады. Осы кешті ұйымдастыру арқылы жас буынның поэзияға деген қызығушылығын, құрметін арттырсақ дейміз», деді Д.Мыңбай.

Жиналған қауымға ақынның өмірін баяндайтын деректі фильм ұсынылды. Кешке арнайы дайындалып келген жас ақындар, астаналық мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері Мұқағалидың, Фаризаның жырларын мәнерлеп оқыды.

Көпшілік алдында сөз сөйлеген ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы М.Мақатаев туралы естеліктерімен бөлісті.


Мақатаевтың Мақатаевтың Мақатаевтың Мақатаевтың Мақатаевтың Мақатаевтың Мақатаевтың

Перейти к новостям спорта