Отырыс жұмысына Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қатысты.
«Кездесудің негізгі тақырыбы ҰОКҚ мен ЮНЕСКО арасындағы спортты дамыту мәселелеріндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды. Халықаралық деңгейде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бірлескен іс-әрекеттерді шоғырландыру қажеттілігі туралы ҰОКҚ халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы Хулио Сезар Маглионе айтты», -делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Комиссия отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Қазақстан ЮНЕСКО-ның көрнекті әріптесі екенін атап өтті.
«Қазақстан ұлтаралық келісімді, толеранттылықты, мәдени қарым-қатынасты қолдай отырып, мәдени мұраны сақтау, ғылым, білім беру саласындағы халықаралық қатынастарды кеңейту мәселелерінде ұйыммен белсенді ынтымақтастықта. Алда Қазақстан аумағында олимпиадалық спорт құндылығын жылжыта отырып, ұлттық олимпиада комитеті ЮНЕСКО-ның ҰОКҚ-мен әріптестігі аясында да бастамалар көрсетуге әзір», — деп мәлімдеді Құлыбаев.