Ұлттық Омбудсмен мен Астанадағы ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанның бала құқығы жөніндегі заңнамаларын жетілдіру жолдарын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық Омбудсмен мен Астанадағы ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанның бала құқығы жөніндегі заңнамаларын жетілдіру жолдарын талқылады

Ұлттық Омбудсмен мен Астанадағы ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанның бала құқығы жөніндегі заңнамаларын жетілдіру жолдарын талқылады

1-қазанда Астанада өткен кездесуде ҚР адам құқығы жөніндегі уәкілі Болат Байқадамов пен БҰҰ балалар қорының бағдарламаларын үйлестіруші, ЮНИСЕФ-тің Астанадағы кеңсесінің жетекшісі Октавиан Бивол Қазақстанның бала құқығы жөніндегі заңнамаларын жетілдіру жолдары мен осы саладағы тауқыметтерді талқылады. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі ҚР Ұлттық орталығынан хабарлады.

  • 2 Қазан 2003
  • 982
Фото - Caravan.kz

О.Биволдың айтуынша, ЮНИСЕФ балаларға қатысты барлық мәселелер топтамасы бойынша Қазақстан үкіметіне арықарай да қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыруда. «Балалар ахуалын жақсарту — өркениетті қоғамның басты міндеттерінің бірі болуы тиіс. Осы саладағы қиындықтарды шешу жолдары, мақсаттар мен міндеттер Қазақстан үкіметі мен ЮНИСЕФ ұйымы бірлесе отырып жасаған 2005-2009-жылғы осы елге арналған жаңа бағдарламада дәйектелген»,- делінген баспасөз баянында.

Кездесу барысында О.Биволдың хабарлағанындай, осы салада жұмыс істейтін мамандар пайдаланатын барлық заңдық актілерді біртұтас жинаққа біріктіру үшін «Ювеналдық юстиция» атты жоба жасалған. Сондай-ақ, әр деңгейдегі ұлттық нормалар мен олардың өзара үйлесімділік жағдайына сараптамалық баға берілгелі отыр. Бұл жұмысқа, О.Биволдың айтуынша, адам құқықтары жөніндегі ҚР Ұлттық орталығы мамандарының қатысуы айрықша маңызды болмақ.
Өз кезегінде Б.Байқадамов осы саладағы Қазақстан заңдарын халықаралық стандарттармен сүйкестендіріп, біріздендіру қажеттігіне тоқталды. Ол адам құқықтары жөніндегі ҚР Ұлттық орталығы тарапынан балалар құқығын бұзу жағдайына мониториг жүргізіліп жатқанын, осы бойынша жинақталған материалдарды сарапшылық жүйелеу қажеттігін хабарлады. Б.Байқадамов, бұл тұрғыда балалар құқығын қорғау саласындағы мамандардан кәсіби біліктілік талап етілетінін, ол үшін арнаулы орталықтарда өткізілген семинарлар мен тренинг-жаттығулардың маңызы зор екенін атап өтті.
Сондай-ақ, балалар құқығын қорғау саласындағы маңызды элементтердің бірі — ағартушылық қызмет болмақ. Б.Байқадамов сондай-ақ, адамдардың заңдық база мен ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігін арттыру үшін адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институттың жеке интернет-сайты жасалып жатқанын, алдағы уақытта адам құқықтарына қатысты жеке бюллетень шығару көзделіп отырғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар