К. Бекназаров соттардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық тергеу істері бойынша 73 лауазымды тұлғаға қатысты 63 айыптау үкімін шығарғандығын, төрт азамат пара бергені үшін сотталғандығын хабарлады.
«ҰҚК қызметкерлерінің қозғаған қылмыстық істері бойынша сотталғандардың үштен бірі, яғни 25 адам ішкі істер органдарының қызметкерлері», — деді ҰҚК өкілі.
Оның ақпаратына сүйенсек, сотталғандардың арасында үш сот, он үш қаржы полициясының қызметкері, әділет министрлігінің алты қызметкері, алты салық маманы және үш сот администраторы бар.
«Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік органдарының материалдары бойынша үстіміздегі жылы ұйымдасқан қылмысқа қатысты 28 тұлға сотталған, олардың төртеуі ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері, біреуі «қылмыс әлемінің серкелерінің бірі», — деп хабарлады К. Бекназаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті