Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Caravan.kz тілшісі хабарлады.
"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде («Мемлекеттік құпияларды жария ету») және 362-бабының 3-бөлімінде («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды" делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған азаматтар ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу қамалды қамалды.
Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.
Тергеу амалдары жалғастырылуда. Оның барысы және нәтижелері туралы қосымша хабарланады.