Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Өзбекстандық екі азаматты эстрадициялайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Өзбекстандық екі азаматты эстрадициялайды

Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Өзбекстандық екі азаматты эстрадициялайды

Бүгін, 20-қарашада күндізгі сағат 12-де Өзбекстанның исламдық қозғалысына қатысы бар деген күдікпен ұсталған екі Өзбекстан азаматы елімізден экстрадицияланады деп межеленген. Қазақстандық арнайы қызмет мамандары оларды Жібек жолы шекаралық бекетінде Өзбекстан қауіпсіздік органдарының өкілдеріне табыс етуі тиіс. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Тасқынбаев хабарлады.

  • 20 Қараша 2003
  • 413
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері екеуі де 1979-жылы туған Өзбекстандық екі азаматты биылғы жылдың шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қазақстан аумағында заңсыз жүрген жерінен тауып қолға түсірген. Оларға қатысты экстрадициялық тұтқындау тәсілі қолданылды.

Өзбекстан жағының ақпаратына сәйкес оларды Өзбекстанның күш құрылымдары шетелге заңсыз шығып кеткені үшін және Өзбекстанның исламдық қозғалысына қатыстылығы үшін іздестіріп жүрген көрінеді. 1998-2001-жылдарда олар Тәжікстан мен Ауғанстанда жауынгерлік дайындықтан өтіп, Өзбекстанның исламдық қозғалысы мен «Талибан» жағында содырлық әрекеттерге қатысқан.
Олар Қазақстанға шілде айында жасанды құжаттармен келген екен.

Соңғы жаңалықтар