Ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасы арқылы прокурордың өкілеттілігін арттыру Конституцияға қайшы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасы арқылы прокурордың өкілеттілігін арттыру Конституцияға қайшы келеді

Ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасы арқылы прокурордың өкілеттілігін арттыру Конституцияға қайшы келеді

"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасындағы прокурорларға БАҚ-тар мен діни бірлестіктердің жұмысын уақытша тоқтату немесе жабу құқықтарын беретін ережелер Қазақстан Конституциясына қайшы келеді. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде ҚР Жоғарғы сотының судьясы Мәрзия Балтабай "Қазақстан Республикасының заңнамалары және адам құқығы мен қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттар" тақырыбындағы форум барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2005
  • 804
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасындағы бұл нормалар прокуратура туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес прокурордың өкілеттілігіне сай келмейді және Қазақстан Конституциясына қайшы»,- деді М.Балтабай. Оның айтуынша, заң жобасындағы бұл ережелер «сот төрешілерінің корпусында алаңдаушылық тудырып отыр». Өйткені, «бұл заң прокурорға діни бірлестіктерді басқа да қоғамдық бірлестіктермен салыстырғанда алалаушылық ахуалға душар етуге мүмкіндік береді».

М.Балтабай форумға қатысушылардың назарын бұл нормалардың құқықтық залал-зардаптарына аударды. «Алда-жалда прокурор бірлестіктің жұмысын тоқтатты делік. Ол үш күн ішінде сотқа шағым түсіреді. Ал сот істі қарай отырып, діни бірлестіктің жұмысын тоқтатуға немесе оны жабуға негіз жоқ деп тапса, бұдан әрі қандай құқықтық шырғалаңдардың орын алатынын көзге елестетудің өзі қиын»,- деді ол. М.Балтабайдың пікірінше, мұндай жағдайда шеккен шығынды мемлекет қоржынынан өтеп беру заңға сай және сондай мүмкіндік те бар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжілістің салалық комитеті ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасына енгізуге ұсынылған бұл ұсынсты қабылдамай тастаған. Алайда депутаттар арасында норманы жақтаушылар да, оған қарсылар да көп.
Бұл заң жобасы 27-сәуірде өтетін мәжілістің жалпы отырысында талқыланады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта