Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңға енгізілетін өзгерістер сөз бостандығы принциптеріне қайшы келеді - "Асар" партиясының жетекшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңға енгізілетін өзгерістер сөз бостандығы принциптеріне қайшы келеді - "Асар" партиясының жетекшісі

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңға енгізілетін өзгерістер сөз бостандығы принциптеріне қайшы келеді - "Асар" партиясының жетекшісі

"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы сөз бостандығы принциптеріне қайшы келеді. Бүгін, 29-наурызда Қазақстан президентінің жанындағы азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысы барысында "Асар" партиясының жетекшісі, парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Наурыз 2005
  • 700
Фото - Caravan.kz

«Бұл заң жобасындағы басты қағидалардың біріне жататын 13-бап Бұқаралық ақпарат құралдарының наразылығы мен қарсылығын туғызатыны сөзсіз»,- деді Д.Назарбаева. Ол осы орайда «13-баптың қолданыстағы нормасына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының жарық көруі мен эфирге берілуін меншік иесінің немесе соттың шешімімен уақытша тоқтатуға және мүлдем доғаруға болады» деп көрсетілгенін еске салды.

«Заң жобасында «уақытша тоқтату» деген сөз алынып тасталып, «шығаруды доғару» деген тіркес қана қалған, сондай-ақ, «бұқаралық ақпарат құралын басып шығару мен эфирге беруді меншік иесі, сот немесе прокурор доғара алады. Бұқаралық ақпарат құралын басып шығару мен эфирге шығаруға прокурордың ұйғарымымен тыйым салынған жағдайда прокурор үш күн ішінде сотқа БАҚ-ты шығаруды доғару туралы шағым түсіре алады» деген сөйлеммен толықтырылған»,- деді депутат. Сондай-ақ бұл бапта «БАҚ-ты шығаруды уақытша тоқтатуға негіз болатын себептердің тізімі арттырылған».
«Менің пайымдауымша, бұл — демократиялық мемлекет нормаларына, ешқандай халықаралық стандарттарға мүлдем сәйкеспейді. Ал 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық жасағалы отырған елге тіпті де лайық емес»,- деп мәлімдеді Д.Назарбаева.
Ол «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға енгізілетін өзгерістер жобасында болған және былтыр Елбасы тарапынан вето қойылған көптеген ережелер «осы жолғы заң жобасында қайтадан көрініс беріп отыр» деп атап өтті.
Д.Назарбаева Елбасының жолдауында «сөз бостандығы — Қазақстанның аршынды демократиялық дамуының басты шарттардың бірі. Сөз бостандығын, ақпарат алу және оны таратуға қамтамасыз ететін барлық қажетті құқықтық және басқа да алғышарттарды алдағы уақытта да дәйекті түрде жасалады әрі қорғалатын болады. Келесі жағынан сөз бостандығын пайдалануда шектен шығушылыққа қатаң тосқауыл қойылы тиіс» деп атап көрсетілгенін айтты.
«Бірінші шарт бойынша әзірге жасалып жатқан дәнеңе де жоқ. Ал екінші шарт бойынша заңнамалық тұрғыда тосқауыл қоюға талпыныстар бар»,- деді Д.Назарбаева.

Перейти к новостям спорта