Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді - Назарбаев
Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Үкімет бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелеріне назар шоғырланлыруға тиіс. Бірінші кезектегі шараларды қаржымен қамтамасыз ету үшін үкіметке Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда $10 млрд бөлінеді ", - деді Н. Назарбаев.
"Осыған байланысты мен үкіметке экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында стандарттан тыс шешімдер қабылдауға мұрсат беремін", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін