Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді - Назарбаев (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді - Назарбаев (толықтырылған нұсқасы)

Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді - Назарбаев (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қазан 2008
  • 702
Фото - Caravan.kz

«Үкімет бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелеріне назар шоғырланлыруға тиіс. Бірінші кезектегі шараларды қаржымен қамтамасыз ету үшін үкіметке Ұлттық қор қаржысынан 2009 — 2010 жылдарда $10 млрд бөлінеді «, — деді Н. Назарбаев.

«Осыған байланысты мен үкіметке экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында стандарттан тыс шешімдер қабылдауға мұрсат беремін», — деді ол.

«Бірақ осындай мүмкіндіктермен бірге үкімет пен Ұлттық банкке экономика, қаржылық жүйе мен әлеуметтік саланың ахуалына қатысты дербес жауапкершілік жүктеледі», -деді президент.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың қаржысы «жай ғана емес, дәйектеліп келісілген тұрақтандыру бағдарламасына бөлінеді». «Біз қаржыны қайда бағыттап жатқанымызды білгенде ғана оны бөлетін боламыз», — деді мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлттық қор 2000 жылы құрылған. 2008 жылдың 1 шілдесінде Ұлттық ор есепштында 3 трлн 198 млрд теңге ( $26 млрд) жиналды. Бұл қаржыны Ұлттық банк шетелдік активтерге айналдыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар