Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа үлгісіне көшу - өңдеу секторының ролі мен маңызын арттыра түспек - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа үлгісіне көшу -  өңдеу секторының ролі мен маңызын арттыра түспек - президент

Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа үлгісіне көшу - өңдеу секторының ролі мен маңызын арттыра түспек - президент

Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа үлгісіне көшу - өңдеу секторының ролі мен маңызын арттыра түспек. Бүгін, 21-қарашада үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қараша 2005
  • 320
Фото - Caravan.kz

«Мұнай саласының барлық кірісі 2007-жылы емес, 2006-жылдың ортасынан бастап Ұлттық қорға аударылатын болады. Бұл дегеніңіз, үкімет мұнайдан түскен кірістен қағылады деген сөз»,- деді Н.Назарбаев. «Бұл — өңдеу секторының ролі мен маңызын, үкімет пен барлық облыс әкімдерінің жауапкершілігін арттырады. Өйткені, өңдеу өнеркәсібінсіз қарқынды даму болмайды, бюджет түсімдері де артпайды»,- деді президент.

Мемлекет басшысы «Ұлттық қор ел экономикасын әртараптандырып, шикізатқа тәуелділіктен құтылу үшін қажет», деп атап өтті. «Ол қазіргі таңда да, болашақта да мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігіне кепіл бола алады»,- деді президент.

Перейти к новостям спорта