Ұлттық қорға құйылатын қаржы көлемі 2005-жылдың 1-қаңтарында 583,6 млрд. теңгеге жетеді - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қорға құйылатын қаржы көлемі 2005-жылдың 1-қаңтарында 583,6 млрд. теңгеге жетеді - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамы

Ұлттық қорға құйылатын қаржы көлемі 2005-жылдың 1-қаңтарында 583,6 млрд. теңгеге жетеді - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамы

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамы бойынша, Ұлттық қорға құйылатын қаржы көлемі 2005-жылдың 1-қаңтарында 583,6 млрд. теңгеге жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін, 2-қазанда өткен мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

  • 3 Қазан 2003
  • 449
Фото - Caravan.kz

Ол сондай-ақ, 2004-жылдан бастап Ұлттық қорға қаржы құюға тиіс ұйымдардың тізімі қысқартылатынын хабарлады. Оның айтуынша, түсті металл экспорттаушы ұйымдар тізімнен шығарылған. «Біздің пайымдауымызша, алдағы жылы түсті металл бағасы индикативтік жоспарда межеленген бағадан жоғары өспейді. Сондықтан да осы саладағы кәсіпорындардан жоспардағыдан артық көлемде салық түсімін күту мүмкін емес «,- деді министр. Оның айтуынша, түсті металл экспорттаушы кәсіпорындар барлық салық түрлерін ендігі жерде республикалық бюджетке төлейді.

Соңғы жаңалықтар